Қанат Саудабаев «Еуроодақ-Орталық Азия елдері» министрлер кездесуіне қатысу үшін Брюссельге келді
РЮССЕЛЬ. Сәуірдің 28-і. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - ЕҚЫҰ-ның Қазіргі төрағасы, Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы -Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев «Еуроодақ-Орталық Азия елдері» министрлер кездесуіне қатысу үшін Брюссельге келді,
деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.
Форумда аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін, әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың салдарын еңсеру жөніндегі тараптардың өзара іс-қимылдарын, сондай-ақ аймақты дамытудың энергетикалық және экологиялық проблемаларын, оның ішінде су ресурстарын басқару мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Сондай-ақ, сапар аясында Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ форматында екіжақты консультациялар жоспарланып отыр.