19:54, 30 Қазан 2025 | GMT +5
Қанат Шарлапаев «Бәйтерек» ҰБХ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды
АСТАНА. KAZINFORM – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді, деп хабарлайды KASE.
– «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ (KASE – BTRK тикері) жалғыз акционерінің 2025 жылдың 14 қазанындағы шешімімен Қ.Б.Шарлапаев қоғамның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды, - делінген хабарламада.
Енгізілген өзгерісті ескере отырып, «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады.
Бұған дейін Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылғанын жазған болатынбыз.
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл – ауқат қоры» АҚ жалғыз акционерінің 2025 жылдың 25 қыркүйегіндегі шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.