Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Канье Уэст Алматыдағы концертінің кейінге шегерілуіне байланысты мәлімдеме жасады

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Америкалық әнші, продюсер Канье Уэсттің Алматыдағы концерті 15 тамызға ауыстырылды.

1 күн қалды: Алматы Канье Уэст концертіне қалай дайындалып жатыр
Фото: Видеодан скрин

Бұл жағдайға байланысты әртіс X әлеуметтік желісінде мәлімдеме жасады.

о

 

- Алматы тұрғындарының назарына. Ауа райы жағдайына байланысты бүгінгі концерт ертеңге шегеріледі. Денсаулық пен қауіпсіздік — біз үшін ең басты орында. Ертең кездескенше, - деп жазды YE.

Еске салайық, Канье Уэст 14 тамыз сағат 21:00-де өтуі тиіс еді. Алайда ауқымды шоудың басталуына саналуы минуттар қалған кезде ұйымдастырушылар концерт 1 күнге шегерілгенін хабарлады. Бұл шешім қауіпсіздік мақсатында қабылданған.

Бүгін жанкүйерлер үшін Орталық стадион есіктері сағат 16:00-ден бастап ашылды. Концертке бірнеше сағат қалғанда Алматыда қатты жауын-шашын болды.

Сондай-ақ күндіз Алматы мен Алматы облысының басым бөлігінде жарық өшті.
https://kaz.inform.kz/news/almati-men-almati-oblisinin-basim-bolgnde-zharik-osht-e546c8d

Соның салдарынан Алматының барлық қызметтері күшейтілген режимге көшті.