Қаңтарда Сенат депутаттары сайлаушылардың жанында болады

АСТАНА. ҚазАпарат - Сенат 2016 жылды палата қызметінің барлық бағыттары бойынша жақсы нәтижелермен аяқтап отыр.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев палата депутаттарына осындай баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Санаулы күндерден кейін еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде ерекше орын алған межелі кезең -2016 жыл да тарих қойнауына шығарып салынатынына тоқталған ол, бұл Қазақстан халқының Тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегінің ширек ғасырлық белесін қорындылаған мерейлі жыл болғанын жеткізді.

Оның пайымынша, биылғы мерейлі жыл ішінде Парламентте аса маңызды жұмыстар атқарылды. Жыл басынан алтыншы шақырылған Парламенттің бірінші сессиясына дейін Сенат Парламент функциясын атқарған кезеңде Үкіметпен тығыз байланыста бола отырып, 57 заңды уақытылы қабылдап, өзінің Конституциялық өкілеттігін абыроймен атқарды.

«Сенатта халықты толғандырып жүрген өзекті тақырыптарға арналған бірқатар маңызды іс-шаралар табысты өткізілді. Еуразиялық экономикалық одақ пен Дүниежүзілік сауда ұйымы жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жол қозғалысы саласын құқықтық реттеу және еліміздегі биологиялық алуан түрліліктің сақталуын заңнамалық қамтамасыз ету мәселелеріне арналған парламенттік тыңдауларда қоғамда орын алып отырған өткір мәселелер талқыланып, осы бағыттардағы жұмысты жандандыру бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты нұсқаулар берілді. Жыл бойы палатаның заң шығармашылығымен қатар, еліміздің сыртқы саяси бастамаларын қолдау шеңберінде шет мемлекеттердің парламенттерінен ынтымақтастықты тереңдетуге ерекше мән берілді»,-деп тоқталды Тоқаев.

Оның сөзіне қарағанда, 2017 жылдың басында, яғни 4-13 қаңтар аралығында депутаттардың өңірлерге сапарлары жоспарланып отыр. Өткізілетін кездесулер барысында Парламент қабылдаған заңдарды халыққа жан-жақты насихаттау жұмысын жүргізуі қажет. 

Соңғы жаңалықтар