Қапшағайда жас қыз бен жігіт суға батып кетті
ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Қапшағай су қоймасында екі адам суға батып кетті.
ТЖМ мәліметінше, 1 шілдеде «112» пультіне Қонаев қаласының «Жаса» демалыс аймағы ауданында, шомылуға жабдықталмаған жерде екі жас адамның суға батып кеткені туралы хабарлама түскен.
Құтқарушылар келгенге дейін демалушылар жағадан шамамен 30 метр қашықтықта су ішінде болған 2006 жылғы бойжеткеннің денесін шығарған. Екінші жоғалған адамды іздестіру үшін Алматы облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының күштері жұмылдырылған.
- Іздестіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілді. 2 шілде күні таңертең құтқарушылар Қапшағай су қоймасының жағалау сызығынан 2004 жылы туған ер адамның денесін тапты. Ол алдын ала мәліметтер бойынша, қаза тапқан бойжеткенмен бірге болған, - деп хабарлады министрліктен.
ТЖМ азаматтарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау міндетті екенін ескертті.
Еске салайық, Алакөлде шомылып жүрген анасы суға батып, қызы аман қалды.