13:46, 22 Қараша 2023 | GMT +5
Қара-Балта өзеніне 20 тонна бензин төгіліп, ауызсу беру тоқтатылды
Қырғызстанда бензовоз жол апатына ұшырап, салдарынан Қара-Балта өзеніне 20 тонна бензин ақты. Kazinform бұл туралы Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Бішкек – Ош тасжолының 113-шақырымында жанармай таситын DAF көлігі бетон қоршауға соғылып, артынша аударылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы жүргізуш дене жарақатын алып, аудандық ауруханаға жеткізілді.
Автоцистернадан өзенге 20 тонна бензин төгілді. Осыған байланысты маңайдағы Талды-Бұлақ және Сосновка ауылдарына ауыз су беру тоқтатылды. Қазіргі уақытта судың құрамы тексеріліп жатыр.