Қарағанды облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментіне жаңа басшы келді
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — Сергей Михайлович Брагин Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Сергей Брагин Мәскеу мемлекеттік ашық университетінің тау-кен факультетін «Gайдалы қазбалар кен орындарын жерасты игеру» мамандығы бойынша бітірген.
Әр жылдары «Қарағандыкөмір» бірлестігінде («Степная» шахтасы) электрослесарь, тау-кен шебері, механик, желдету учаскесі және ТБ бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
ҚазКСР Мемлекеттік техникалық бақылау Қарағанды округінің басқармасында учаскелік тау-кен инспекторы, Шахтинск тау-кен инспекциясы бастығының орынбасары болды.
1998 жылдан 2022 жылға дейін — ҚР ИДМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті № 4 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы.
2022 жылдың тамыз айынан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің № 4 көмір өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау және бақылау бөлімін басқарды.