Қарағанды облысында бірнеше бағытта көлік қозғалысы тоқтатылды
АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
2026 жылғы 6 ақпан сағат 16:00–де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық маңызы бар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу енгізілді:
— «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 92-164 шақырым аралығы (Ақмола облысы шекарасы — Теміртау ақы алу пункті);
— «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 248-592 шақырым аралығы (Атамекен ауылы — Балхаш қаласы);
— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 788-906 шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасы — Топар елді мекені);
— «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» автожолының 970-1064 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы — Молодежный елді мекені).
Айта кетейік, жолды 2026 жылғы 7 ақпан сағат 09:00–де ашу жоспарланған.
Бұдан бұрын Ұлытау облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылғаны белгілі болды.