14:23, 22 Маусым 2024 | GMT +5
Қарағанды облысында қоқыс полигоны өртенді
ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — ТЖМ қызметкерлері Қарағанды облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында тұтанған өртті сөндірді.

Өрт Бұқар жырау ауданының Дөскей аулынан 4 км қашықтықта тіркелді.
Жалын 1000 шаршы метр аумақты шарпыды.
Зардап шеккендер жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Сағат 12:06 кезінде 1 мың шаршы метр аумақтағы өрт сөндірілді.