Қарағанды облысында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM — «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы аясында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданына қарасты Ақтас ауылында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды.

өрт
Фото: ҚР ТЖМ

Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Руслан Кенжебеков, ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысты.

бала, балалар
Фото: ҚР ТЖМ

Өрт сөндіру пункті 500-ден астам халқы бар екі елді мекенге қызмет көрсетеді. Жаңа нысанда тәуліктік кезекшілікке қолайлы жағдай жасалған: душ, демалыс бөлмесі, ас үй және қызметтік бөлмелер қарастырылған.

Қарағанды облысы
Фото: ҚР ТЖМ

Бұл жоба ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге бағытталған.

Айта кетейік, Қарағанды облысында жылыту маусымының басталу кестесі белгілі болды.