Қарағанды маңында автобус бұзылып, 32 адам жолда қалған

АСТАНА. KAZINFORM — Қарағанды облысында құтқарушылар бұзылып қалған автобустың жолаушыларын эвакуациялады. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Автобус, жолаушылар
Фото: progorod43.ru

— 112 пультіне «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 180-шақырымында, Теміртау қаласы маңында жолаушылар автобусының техникалық ақауға ұшырағаны және құтқарушылардың көмегі қажет екені туралы хабарлама түсті, — делінген ақпаратта.

Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Автобустан 32 адам, оның ішінде 4 бала эвакуацияланып, жылыту пунктіне жеткізілді. 

Жолаушылардың арасында Қытай Республикасының екі және Өзбекстан Республикасының 2 азаматы болған. Жолаушыларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Бұған дейін Павлодарда аязды күні жолда қалған автобустан 35 жолаушы құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар