Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының шешуші туры басталды

ҚАРАҒАНДЫ. KAZINFORM – Бүгін Қарағанды қаласында үстел теннисінен Суперлигадағы ашық командалық Қазақстан чемпионатының шешуші туры басталды.

үстел теннисі
Фото: ҰОК

Еліміздің және шетелдің үздік клубтары алтын медальдар мен маусым қорытындысындағы жоғары орындар үшін бақ сынап жатыр. 

12 клубтың ішінде жеңіске негізгі үміткерлер қатарында Altay Pro (Өскемен) және «Қарағанды-1» УГМК (Свердлов облысы, Ресей) командалары бар.

Турнир Saryarka үстел теннисі орталығында өтіп жатыр. 

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан үстел теннисінен Сауд Арабиясындағы турнирде 9 медаль еншілегенін хабарлағанбыз. 

Соңғы жаңалықтар