19:12, 19 Ақпан 2016 | GMT +5
Қарағанды әкімі бейбітшілік және келісім саябағы ашу туралы ұсынысты қолдады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда 2015 жылы ашылған Достық үйі маңындағы аумақты дамыту қолға алынбақ. Бұл туралы мәселе облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков тұрғындар алдындағы есептік кездесуінде көтерілді.

Облыстық Еврей мәдениеті орталығының басшысы Вилен Молотов-Лучанский Достық үйінің маңында бейбітшілік және келісім саябағын немесе алаңын жасау туралы ұсыныс жасады.
«Бұл - дұрыс. Достық үйін салғанда аумақты абаттандырмақ болдық. Достық үйі пайда болғаннан кейін Оңтүстік-шығыс шағын ауданы үшін бұл орын жаңа қоғамдық орталық болады деп ойлаймын», - деген Н.Әбдібеков бастамаға қолдау танытты.
Әкім ауданды алдағы уақытта да дамыту қарастырылғанын айта кетті. Нақтырақ айтқанда, онда жасөспірімдер үйін салу жоспарланған.