Қарағанды мен Павлодар облыстарында жүк көлігі мен қоғамдық көліктер үшін жол жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды мен Павлодар облыстарында боран мен көктайғаққа байланысты жүк көлігі мен қоғамдық көліктер үшін жол жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен.

Қарағанды мен Павлодар облыстарында жүк көлігі мен қоғамдық көліктер үшін жол жабылды

Сонымен,Қарағанды облысында «Алматы- Екатеринбург» автожолы (641-1007 шақырым), Қарағандыдан Павлодар облысының шекарасына дейін жол жабық.

Сондай-ақ Павлодар облысында - «Қызылорда - Павлодар» автожолы (1135-1205) Шідертіден Қарағанды облысына дейінгі жол аралығына шектеу қойылды.