Қарағанды облысы 30 елге тауар шығарады
«Қарағанды облысының ішкі сауда айналымы 2014 жылдың бірінші тоқсанында 2,1 млрд. доллардан асты. Оның 89,3%-ы экспортқа тиесілі (шамамен 1,9 млрд. доллар), ал импорт 10,7%-ды құрап отыр. (226,7 млн. доллар). Экспортқа шығару географиясы 30 елді қамтиды», - делінген хабарламада.
Кедендік бақылау департаментінің мәліметінше, экспорттың көп бөлігі Қытайға (81,2%) шығарылады. 57,7%-ы (1 млрд. АҚШ долларынан астам) мұнай экспорты.
«Сондай-ақ әріптес елдердің қатарында Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландия (3,2%), Иран (6,6%), Өзбекстан (1,9%), Әзербайжан (1,4%) бар», - делінген хабарламада.
Департамент деректерінше, өңірге 49 елден тауар әкелінген. Импорт құрылымында 30,8% Қытайға, 14,8% - Германияға, 12,5%-ы - Украинаға, 5%-ы - Біріккен Корольдікке, 4,9%-дан Польша мен Жапонияға тиесілі.
«Қарағанды облысы - өнеркәсіптік аймақ. Бұл шетелден әкелінетін тауар түрлерінен де көрініс тапты. Алғашқы тоқсанда 59 млн. АҚШ долларының қондырғысы импортталды. Бұл әкелінген тауардың 26%-ы», - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, облысқа электр жабдықтары (жалпы импорттың 16,4%-ы), көлік құралдары (7,2%), қара металдан жасалған бұйымдар (5,8%), жанар-жағармай материалдары (3,1%) әкелінді.
Ведомствоның ақпаратынша, бірінші тоқсанда облыста 12 млрд. теңгеден астам кедендік төлемдер мен салық жиналды.
Посткедендік бақылау негізінде тағы 175,5 млн. теңге өндірілді. Жыл басынан КБД қызметкерлері 19 қылмыстық іс қозғады. Оның 17-сі экономикалық контрабанда және кедендік төлемдер мен салық төлеуден жалтаруға қатысты.