18:01, 01 Маусым 2010 | GMT +5
Қарағанды облысы аумағында автокөлік құрастыратын зауыт салынады - Ө. Шөкеев
;АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қарағанды облысы аумағында автокөлік құрастыруға арналған зауыт бойынша қазіргі кезде маркетингтік шаралар жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Астанада Кеден одағы мәселесіне арналған дөңгелек үстелде Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, зауыт бойынша Ресей тарапы бұл мәселені тағы бір мәрте пысықтап өтті. "Қазіргі уақытта қол қойылған ресми кестеге сәйкес, біз алдағы жылы автокөлік құрастыруды бастауымыз қажет",-деді ол. Осы тұрғыда Ө. Шөкеев 50 мың автокөлік шығаруға негізделген бұл зауыт Қарағанды аумағында орналасатынын айты.
«Қазіргі кезде маркетинг жүргізілуде және қандай марканы шығару мәселесі нақтылануда. Вице-премьердің пікірінше, мұнда 50 мың автокөлік құрастырылатын болса, бұл көрсеткіш нарықтың елеулі үлесін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.