Қарағанды облысы денсаулық сақтау саласы бойынша Польшамен ынтымақтастықты дамыта түседі
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 5-і. ҚАЗАҚПАРАТ /Валентина Елизарова/ - Бүгін Польша Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Павел Чеплак Қарағандыға келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматуллинмен болған әңгімеде екі ел арасындағы ынтымақтастық туралы сөз болды.2008 жылдың қорытындысы бойынша Польшамен аймақтың сыртқы сауда айналымы 165,5 пайызға артып, 46,2 млн. АҚШ доллары көлемін құрады, деп атап өтті облыс әкімі. Іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытудың нақты мүмкіндіктері аз емес деп есептейді аймақ басшысы.Әлеуметтік сала бойынша да қарым-қатынастар дамып келеді. Мәселен, қарағандылықтар польшалық кардиохирургтармен ынтымақтастықтың негізін қалады. Қарағандылық дәрігерлерлермен бірлесе отырып, 467 сырқатқа операция жасалды. Облыстық кардиохирургиялық орталық базасында польшалық мамандар күшімен оқыту семинарлары өткізіліп, онда қазақстанның басқа аймақтарынан келген 160-тан астам кардиохирург, кардиолог және басқа да орта медициналық мамандар өз біліктілігін жетілдірді. Бұдан басқа, қарағандылық 5 маман Польшаның Катовице қаласындағы клиникада оқып қайтты. Биылғы жылы тағы да 9 адамды Польшаға оқуға жіберу жоспарланып отыр.Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісімге қол жетті. Сондай-ақ, П.Чеплак Қарағандыда польшалық фильмдер фестивалін өткізу туралы ұсынысын білдіріп еді, облыс басшысы бұл идеяны құптады.