Қарағанды облысы Достастықтың серпінді дамып отырған субъектісі ретінде ТМД сыйлығымен марапатталды

Марапаттар лауреаттарға «ТМД-ның ең серпінді дамыған субъектісі» және «Инвестициялық-банктік белсенділігі үші» аталымдарында тапсырылды.
«ТМД-ның ең серпінді дамыған субъектісі» аталымында лауреаттар ТМД мемлекеттері арасындағы соңғы 15 жылдағы тікелей шетелдік инвестицияар ағыны бойынша анықталды. Таңдаулылар қатарында Қазақстан, Ресей және Украина аймақтары аталды. Қазақстанда - Қарағанды облысы, Ресейде - Орел облысы, ал Украинада - Қырым Республикасы автономиясы, «Инвестициялық банктік белсенділігі үшін» аталымында Әзірбайжан Халықаралық банкі лауреат атанды.
Лауреаттарды марапаттауға ТМД Қаржы-банктік кеңесінің президенті Андрей Костин, ТМД Атқарушы комитеті төрағасының орынбасары-Атқарушы хатшы Евгений Новожилов қатысты. ТМД көшбасшылары қолынан марапат Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовке тапсырылды.