Қарағанды облысында 15 ардагер Жеңістің 65 жылдығына арналған ресейлік медальдармен марапатталды

ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 25-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында Ресей Федерациясының азаматтары болып табылатын Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Жеңістің 65 жылдығына арналған ресейлік медальдар табыс етілді.

 Қарағанды  облысында  15 ардагер   Жеңістің  65 жылдығына   арналған   ресейлік медальдармен   марапатталды

15 ардагерге мерейтойлық наградаларды Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшілігінің өкілдері табыс етті. Ардагерлерге медальдарға қоса ақшалай сыйлықтар да берілді.

«2008 жылы ТМД елдерінің президенттері мерейтойды тойлау, бірдей медальдар тағайындау және қай жерде тұрып жатсын, өз елінің азаматтарын сол медальдармен марапаттау туралы шешім қабылданған болатын. Ардагерлерге наградадан гөрі, халықтың оларды ерліктерін ұмытпағаны маңыздырақ», - деп атап көрсетті Ресей Елшілігінің кеңесші-елшісі Владимир Спринчан.