Қарағанды облысында ауылдық клуб отқа оранды
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Жаңаөзен ауылындағы бір қабатты ауылдық клубтың ғимараты отқа оранды,
деп хабарлайды ТЖМ.
Өрттің салдарынан ғимарат шатырының бір бөлігі опырылды. 280 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД 31 маманы мен өрт сөндіру қызметінің 8 техникасы тартылды. Абырой болғанда адам шығыны жоқ.