Қарағанды облысында Кедендік одақ елдері арасындағы тауар айналымы 9 пайызға төмендеді

ҚАРАҒАНДЫ. 6 маусым. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында Кедендік одақ елдері арасындағы тауар айналымының 9 пайызға төмендегені атап өтілді. Бұл туралы облыстық статистика департаментінен хабарлайды.

Қарағанды облысында Кедендік одақ елдері арасындағы тауар айналымы 9 пайызға төмендеді

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 2012 жылдың үш айы бойынша Қарағанды облысының Кедендік одақ елдерімен өзара сауда айналымы 583,5 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға аз. Өзара сауданың жалпы көлеміндегі елеулі үлесті экспорт алуда - 65,6 % (382,7 млн. АҚШ доллары), импорттың көлемі 34,4 % (200,8 млн. АҚШ доллары) болды», делінеді облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметінен.

Статистикалық ведомствоның мәлеметтерінше, КО елдеріне шығатын облыс экспортының шамамен 55 пайызы металлургиялық өнімдер. Бұдан басқа, облыс тазартылған мысты және өңделмеген мыс қорытпаларын (25,8%), тас көмірді, брикеттерді және тас көмірден (5,9%), кен мен марганец және мырыш концентраттарынан алынған т.б. қатты отын түрлерін экспорттайды.  

«Импорт құрылымында КО елдерінен дәнді астық, ұн, крахмал немесе сүттен   дайын өнімдер, ұннан жасалған кондитерлік өнімдер (5%), қара металдардан жасалған бұйымдар (4,9%), пластмасса және одан жасалған бұйымдар (3,8%), қант және қанттан жасалған кондитерлік өнімдер (2,1%) басым болды», - деп атап өтіледі хабарламада.