Қарағанды облысында жүк вагондарының рельстен шығып кетуі салдарынан «Алматы - Қостанай» және «Ташкент - Свердловскі» бағытындағы жолаушылар пойызы кешіктірілді

АСТАНА. 16 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы Осакаровск ауданында Ақтасты-Шоқай теміржол станциялары аралығындағы 629- шақырымда «Қарағанды станциясынан Астана станциясына» қатынайтын (66 вагоннан тұратын) №2566 жүк пойызы вагонының бір дөңгелек жұбы рельстен шығып кеткен.

Қарағанды облысында жүк вагондарының рельстен шығып кетуі салдарынан «Алматы - Қостанай» және «Ташкент - Свердловскі» бағытындағы жолаушылар пойызы кешіктірілді

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлайды.

Оқиға салдарынан екі жолаушылар пойызы: «Алматы - Қостанай» бағытындағы № 43 пойыз 1 сағат 30 минутқа; «Ташкент - Свердловск» бағытындағы № 315 пойыз 3 сағатқа бөгелді. Сағат 20:28-де жөндеу-қалыпқа келтіру жұмыстары аяқталып, пойыздар қозғалысы жаңартылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.