Қарағанды облысының әкімі ҚазАқпараттың қазақ тіліндегі жаңалықтарының тұрақты оқырманы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев күн сайын «ҚазАқпарат», «BNews.kz», «BAQ.kz» ақпараттық агенттіктерінің қазақ тілді жаңалығын оқиды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жайында өңір басшысы бүгін «Блогқұрылтай-2014» Қазақстан блогерлерінің IV форумында мәлім етті.
None
None

Шараған қатысушылар «облыс әкімі ақпарат агенттіктерінің қазақ тіліндегі нұсқасын оқи ма?» деген сауал қойған.

«Иә, қазақ тілінде әлеуметтік-экономикалық оқиғалар жайында ақпарат тарататын агенттіктерді тұрақты түрде қарап отырамын. Олар - «ҚазАқпарат», «BNews.kz», «BAQ.kz». Бұларды мен күнде оқимын»,-деді Б. Әбдішев. Сонымен қатар Қарағанды облысы әкімінің баспасөз хатшысы Құрманбек Қазанбасов форум аясында start-up жобалардың байқауы өткізіліп, оның үш жеңімпазы марапатты өңір әкімінің қолынан алғанын жеткізді.

«Жеңімпаздарға 150 мың теңге сомасында сетификаттар тапсырылды. Үздіктер ретінде Ербол Серiкбай, Айжан Құлмұханбетова және Сағын Үсенұлы секілді блогерлер танылды»,-деді баспасөз қызметінің жетекшісі. Бұдан бұрын хабарланғандай, Қарағандыда Назарбаев зияткерлік мектебінде «Блогқұрылтай-2014» атты блогерлардың IV құрылтайы өтті. Жалпы блогқұрылтайға еліміздің әрбір өңірінен 100-ге жуық блогшылар қатысты. Шараның басты мақсаты - Қазнет айналасында жүрген белсенді блогшылар тобының басын қосу. Қазақ тілді интернетті дамыту, қазақ тілді сайттардың санын көбейтуге ықпал ету, интернет-жоба ұсынушы жастарға қолдау көрсету.

Соңғы жаңалықтар