12:42, 20 Қараша 2022 | GMT +5
Қарағанды облысының әкімі президент сайлауында дауыс берді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңір басшысы тіркелген №42 сайлау учаскесі Қарағанды қаласындағы әл-Фараби атындағы мектеп-гимназияда орналасқан.
«Біздің учаскеде 1825 сайлаушы тіркелген, оның ішінде 37-сі бірінші рет дауыс береді. Үйден дауыс беру туралы өтініштер түскен жоқ. Таңғы сегізге дейін 60-қа жуық адам дауыс берді», - деді №42 учаскелік комиссияның төрағасы Сабина Бижанова.
Дауыс беру процесін коммерциялық емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің тәуелсіз байқаушылары қадағалап жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында дауыс беруге арналған 642 учаске бар. Тіркелген сайлаушылар саны – 770 мыңға жуық.