Қарағанды облысының әкімі ұзақ жасаған қарияның үйіне қонаққа барды

ҚАРАҒАНДЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов бүгін ұзақ өмір жасаған қариялардң бірі- Федор Огарковтың үйіне қонаққа барды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Қарағандыда тұрып жатқан соғыс және еңбек ардагері биылғы жылы өзінің 100 жасқа толуын атап өтті.

«Мен сізге бүгін үлкен мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтау үшін және еңбегіңіз үшін үлкен құрметтеушілігім мен алғысымды білдіру үшін әдейілеп келдім. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әрбір ардагердің мұқтажын естен шығармау - біздің парызымыз екенін үнемі айтып келеді. Және бұл сөздер жергілікті билік органдарының егде жастағы адамдардың өмір жағдайларын жақсарту бойынша әрекеттер жоспары болып табылады», - деді Ә.Құсайынов.

Аймақ басшысы ардагерге материалдық көмек пен азық-түлік жиынтығын табыстады.

Билік көздерінің мәліметтерінше, Қарағанды облысында 100 және одан да көп жасаған - 29 адам тұрады. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнін атап өту құрметіне олардың барлығына көңіл бөлінді», - деп атап өтеді облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар