Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағандыда аурухана директоры дәрігерлердің үстемеақысынан «өз үлесін» алып отырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды облысында аудандық ауруханалардың бірінің директоры қоластындағы қызметкерлерге төленген үстемеақыдан үлес ретінде пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда аурухана директоры дәрігерлердің үстемеақысынан «өз үлесін» алып отырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Telegram каналында осындай мәлімет жарияланды.

«Қарағанды облысындағы аудандық ауруханалардың бірінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған адам COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсетуге қатысатын жұмыскерлердің үстемеақысынан үлес ретінде пара алды деген күдікке ілінді. Күдікті адамға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», - деп жазылған агенттіктің ақпаратында.

Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өзін пандемиямен күрес жөніндегі мониторинг тобының өкілі ретінде таныстырып, ойын-сауық орындарынан ақша бопсалаған елордалық күдіктінің ұсталғанын хабарлады.