Қарағандыда дәмханада орын алған iрi өрт ауыздықталды (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда екi дәмхана мен бiр дүкендi шарпыған iрi өрт ауыздықталды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметi.
None
None

«Өрттiң ауыздықталғаны жөнiнде хабар келдi. Қазiргi уақытта ғимарат iшiн сумен басу және құрылымын бұзу жұмыстары жасалуда. Өрттiң шығу себептерi анықталуда», - делiнген хабарламада.

Дәмхана қызметкерлерiнiң сөзiне қарағанда, жалын кальян шегу бөлмесiнен шыға бастаған. Алдын ала мәлiметтер бойынша өртенген аумақтың жалпы көлемi 800 шаршы метрге жуықтайды.

Бұның алдында хабарланғанындай, Жауынгер-интернационалистер атындағы көшеде орналасқан «Генацвале» дәмханасы өртке оранды. Кейiн жалын оның жанында орналасқан тағы бiр дәмхана мен дүкенге өтiп кеттi. Құтқарушылардың хабарлауынша, зардап шеккен адамдар жоқ. Өртке ең жоғары күрделiлiктiң үшiншi санатына жатқызылды. Оны сөндiруге 40 өрт сөндiрушi мен 11 техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар