Қарағандыда өрт кезінде 10-қабатта әйел мерт болды, 44 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін түнгі сағат 00.58-де Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданында («Гүлдер» 1-шағынауданы) 10 қабатты тұрғын үйдің 6 қабатында орналасқан пәтерден өрт шықты.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарланғандай, өрт сағат 01.59-да сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД өртке қарсы қызметінің 43 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 20 шаршы метрді құрады. 44 адам, оның ішінде 9 бала қауіпсіз аймаққа көшірілді. Өртті сөндіру кезінде егде жастағы әйелдің мәйіті табылды.