Қарағандыда ЖЭС-3-тің шатыры опырылып құлады

ҚАРАҒАНДЫ. 21 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы ЖЭС-3-тің 470 шаршы метр аудандағы шатыры опырылып құлады, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Қарағандыда ЖЭС-3-тің шатыры опырылып құлады

Төтенше оқиға бүгін түстен кейін орын алды. Қазіргі уақытта оның зардаптарын жою жұмыстары жүргізілуде.

«Қарағанды-Энергия орталығы» ЖШС-нің ЖЭС-3-те № 6 қазандық агрегатындағы шатыр құлады. Опырылып құлау ауданы 468 шаршы метр аумақты құрады», - деді ТЖД-де.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазандық агрегатының жұмысы тоқтатылды, бірақ бұл қаланы жылумен қамтамасыз етуге әсерін тигізбеді.

Компанияда апат зардаптарын бір тәуліктің ішінде жоюға уәде беруде.