Қарағандылық Биназир Ермағанбетова «Голос» жобасының үшінші кезеңіне өтті

«Жекпе-жек» кезеңінде жерлесіміз Рафаэль Григорянмен бірге Coolio және L.V америкалық рэперлерінің «Gangsta's Paradise» хитін орындады.
Зал қатысушыларды жақсы қарсы алды.
Жетекшілердің барлығы өз пікірлерін айтқан соң Баста Биназирдің пайдасына дауыс беріп, жобаның үшінші кезеңіне өткізді.
Б. Ермағанбетова заңгер мамандығына оқыған, қазір медиа саласында қызмет етеді, алайда ән айтуды армандайды. Футбол және таэквондомен айналысқан, алған жарақаттарға байланысты кәсіби спортпен қоштасты.
Белгілі ресейлік «Голос» шоуының жаңа маусымы Бірінші арна эфирінде 2015 жылы 4 қыркүйектен басталған.
«Голос» шоуы әлемге әйгілі The Voice музыкалық телешоуының ресейлік нұсқасы.
«Голос» жобасының төртінші маусымында Полина Гагарина, Григорий Лепс, Александр Градский және рэпер Баста тәлімгерлер болып отыр.