Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қарағандылықтар жалпыреспубликалық «Сенің дауысың - сенің болашағың» постерлер байқауына қолдау білдірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылықтар жалпыреспубликалық «Сенің дауысың - сенің болашағың» атты постерлер байқауына қолдау білдірді. Бұл туралы бүгін Алматыда аталған шараға байланысты өткен баспасөз мәслихаты барысында телекөпір арқылы Қарағанды қаласының белсенді жастары мәлімдеді.

Қарағандылықтар жалпыреспубликалық «Сенің дауысың - сенің болашағың» постерлер байқауына қолдау білдірді

«Мен әлеуметтік желінің белсенді пайдаланушысы ретінде осындай тақырыпта байқаудың ұйымдастырылуын өте маңызды қадам деп санаймын. Шынында да жастардың басым бөлігі бүгінде ғаламтормен жұмыс істейді. Сондықтан, бұл байқау әрбір азамат үшін өзінің сайлау туралы ойын, идеясын паш етудің тамаша мүмкіндігі деп білем», - деді өз сөзінде Қарағанды қаласы гербінің авторы, белгілі суретші Айбек Бегалин.

Оның айтуынша, байқауға кез-келген адамның онлайн жүйесі арқылы қатыса алу мүмкіндігін өте ұтымды бастама деуге болады.Телекөпір барысында басқа да өңірлердің өкілдері ұйымдастырушыларға әр түрлі сауалдар қойды және өз ойларымен бөлісті.

Еске сала кетелік, бүгін елімізде жалпыреспубликалық «Сенің дауысың - сенің болашағың» атты постерлер байқауы басталды. Шараны «Қаламгер азамат» жас журналистер қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.