Кәрім Мәсімовтің Ресей Федерациясына жұмыс сапары жалғасуда
НКТ-ПЕТЕРБОР. 19 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің Ресей Федерациясына екікүндік жұмыс сапары жалғасуда.
Бүгін Кәрім Мәсімов Санкт-Петерборда ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырыстарына қатысады, онда әлемдік қаржы дағдарысының зардаптарын еңсеруге бағытталған бірлескен шаралар жоспарының орындалуы, сонымен қатар қоғамдастықтың жаңа органы - ЕурАзЭҚ сотын құру мәселесі қаралады.
Үкімет басшылары деңгейіндегі Кеден одағы Жоғары органының отырыстары барысында Бірыңғай экономикалық кеңістік құру туралы декларация жобасын қарау, Кеден одағы Комиссиясы туралы келісім жобасының келісілу барысы және өзге де мәселелер талқыға салынбақ.
Кеше К.Мәсімов ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысты.