Кәріпбек Күйіков БҰҰ мінбесінде сөз сөйлейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық суретші Кәріпбек Күйіков БҰҰ мінбесінде сөз сөйлейді. Бұл туралы БҰҰ-дағы Қазақстан тұрақты өкілдігінің кеңесшісі Әнуар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Кәріпбек Күйіковті Қазақстанға таныстырудың қажеті жоқ, оны шетелде де бәрі таниды», - деп жазды Әнуар Жайнақов Фейсбуктегі парақшасында.

Оның айтуынша, Кәріпбек Күйіков БҰҰ жаңалықтар студиясы мен Kyodo News жапониялық агенттігінің журналистеріне берген сұхбатында өз өмірі туралы айтты.

«Анам мені дүниеге әкелген кезде қолдарымның жоқ екенін біліп, менің жаныма екі күн бойы жақындай алмапты. Дәрігерлер ата-анама маған инъекция салып, ұйықтатып тастауды ұсынған. Бірақ, әкем қарсы болып, анам екеумізді үйге алып кетіпті... Бала күнімде барлық балалармен бірдей екенімді дәлелдегім келіп, өз-өзіммен көп жұмыс істедім», - деп атап өтті Кәріпбек.

«6 қыркүйекте жерлесіміз Нью-Йоркте, БҰҰ бас мінбесінде сөз сөйлеп, өз өмірі туралы барша әлемге айтып береді», - деді А. Жайнақов.

Еліміздің бастамасымен бекітілген Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші ресми отырысы Астана уақытымен сағат 20:00-ге жоспарланған. Оны БҰҰ барлық ресми тілдерге аудармасымен БҰҰ сайтында тікелей эфирден тамашалауға болады. 

Соңғы жаңалықтар