11:34, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Қармақшы ауданында 151 жергілікті тұрғын тұрақты жұмысқа тартылды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында 151 жергілікті тұрғын мамандықтарына сай тұрақты еңбекпен қамтамасыз етілді.

Бұл - жартыжылдықтың қорытындысындағы көрсеткіш.
Қармақшы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұсынған мәліметке жүгінсек, жыл басынан бері ақы төленетін қоғамдық жұмыс көзімен алты жүзден астам адам қамтылған.
Үкіметтің ел экономикасын тұрақтандыру бағытындағы былтыр басталған іс-қимыл жоспарының биыл да жүйелі жалғасын табуына орай жастар тәжірибесіне 227 маман тартылып, әлеуметтік жұмысқа 166 азамат жолдама алыпты. Жосалы кентіндегі кәсіптік лицейді екі мамандық бойынша елу адам бітірсе, әлеуметтің әлеуетін арттыру бағытындағы бұл жұмыстардың алдағы уақыттағы атқарылуына қосымша қаржы қарастырылған.