Қармақшы ауданында алғаш рет инновациялық идеялар жәрмеңкесі өткізілді - Қызылорда облысы

Ауданда тұңғыш рет өткізіліп отырған аталмыш жәрмеңкені «Қорқыт елі - Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Шара барысында аудандық білім бөлімінің әдіскері Тәжігүл Әбенова жәрмеңкенің мазмұны мен маңызына тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі таңда 20 оқушы республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысуға тілек білдірген.
«Бүгін біз мектеп оқушыларының жақсы жұмыстарын көрдік. Барлық оқушы зерттеу жұмыстарын жауапкершілікпен орындап, жақсы дайындықпен келген», - деген С.Есқараев атындағы №27 орта мектептің мұғалімі Тоты Көшербаева қатысушылардың ынтасы жоғары екенін атап өтті.
Қазылар алқасы оқушылардың дайындықтарын талқылай келіп, жұмысты орындаудағы жетістіктер мен кемшіліктерді көрсетіп берді. Идеялар байқауында І орын оқушы Назерке Болатбековаға берілді.