Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қармақшы ауданында жыл басынан бері 489 маман қоғамдық жұмысқа тартылды - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қармақшы ауданында жыл басынан бері 489 маман қоғамдық жұмысқа тартылып, «Жол картасы» бағдарламасы аясында жастар тәжірибесіне 357 жас жұ­мыс­пен қамтылды.

Қармақшы ауданында жыл басынан бері 489 маман қоғамдық жұмысқа тартылды - Қызылорда облысы

Осы аралықта 234 қармақшылық түрлі әлеу­меттік жұмыс орындарына жолдама алып, 1291 жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасты. Соның арқасында жұмыссыздық деңгейі 0,6 пайызды құрап, былтырғы жылдың көрсеткі­шімен салыстырғанда едәуір тө­мендеді. Бүгінгі таңда №12 кәсіптік ли­цей­де 6 мамандық бойынша қайта даяр­лау курстары жүргізілуде. Бұған дейін мұнда 375 адам жаңа маман­дық алып, қайта даярлау курстары­нан өтті. Аудандағы 103 мекемемен келісім-шарт жасалып, жаңа маман­дық иелеріне жолдама берілді.