Қармақшыда жаңа мектептің құрылысы басталды - Қызылорда облысы

ЗЫЛОРДА. 24 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Қармақшы ауылдық округіне қарасты Қызылтам ауылында 100 орындық мектептің іргетасын қалау рәсімі өтті.
None
None

Дүйім ел болып мерекеленіп жатқан Тәуелсіздік мерекесі аясында салынғалы жатқан мектеп құрылысына тапсырыс беруші Қызылорда облысының құрылыс басқармасы, жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеген «Проммедконтракт» ЖШС, құрылысын салатын бас мердігер - «Дойт Газ Пож Сервис» ЖШС.

Нысанның іргетасын қалау жиынында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Әділбек Ерсұлтанов биылғы мерекелі жылы ауданда атқарылып жатқан игі істер жөнінде жиналған қауымға айтып өтті. Бұдан соң Қызылтам ауылының еңбек ардагерлері С. Есжанов пен М. Таңбаев бүгінгі қуанышпен жиналған жұртты құттықтады.

Мердігер мекеме «Дойт Газ Пож Сервис» ЖШС-ның директоры Ж. Мұсаханов құрылысы басталып жатқан жаңа мектептің жобасымен таныстырды. Бұдан соң мектептің алғашқы іргетас плитасы орнына қойылды.

Соңғы жаңалықтар