Қарсыласы бас тартқан «Қазақ жауынгері» Мардан Берікбаевпен тең түсті
Күтпеген жерден шаршы алаңға Елшат Нығметоллаұлына қарсы қазақстандық боксшы, осыған дейін "Астана арландары" сапында жұдырықтасып жүрген Мардан Берікбаев қарсылас атанды.
Қос қазақ баласы арасындағы аса тартысты жекпе-жек қорытындысы тең нәтижемен аяқталды. Төрешілер шешімі бойынша бірауыздан қос боксшы да жеңімпаз ретінде қалды.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Елшат Нығметоллаұлының алғашқы қарсыласы атанады деген әзербайжандық боксшы Фарид Әлиев жекпе-жектен бас тартқаны туралы жазған болатынбыз.
52 келі салмақ дәрежесінде WBC Asia чемпионы «Қазақ жауынгері» атанып кеткен Елшат Нығметоллаұлы 15 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске қол жеткізген.
Еске сала кетейік, кәсіби бокс кеші Qazaq Promoutions промоутерлік компаниясының бастамасымен Астанадағы «Дәулет» спорт кешенінде өтіп жатыр.
Фото: Мұхтар Қалимолла