Қару өткізген адамға қанша сыйақы беріледі

ТҮРКІСТАН. KAZINFROM – Елімізде қаруды қабылдап алу акциясы басталды.

Қару өткізген адамға қанша сыйақы беріледі
Фото: Kazinform

Бүгіннен бастап Республика көлемінде заңсыз сақтауда тұрған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталды. Іс-шара ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

Атап айтар болсақ;

- Автоматты ойық қаруға – 393 200 теңгеге дейін,

- Ұзын ойық ұңғылы қаруға – 196 600 теңгеге дейін, 

- Қысқа ұңғылы ойық қаруға – 157 280 теңгеге дейін, 

- Тегіс ұзын ұңғылы қаруға – 117 960 теңгеге дейін беріледі. 

Одан бөлек; 

- Травматикалық тапанша немесе револьверге – 39 320 теңгеге дейін,

- Жарылғыш зат және артериялық снарядқа – 27 524 теңгеге дейін,

- Жарылғыш заттың 1 000 граммына – 23 592 теңгеге дейін беріледі.

Сондай-ақ 5,6 мм калибрден жоғары ойық ұңғылы қарудан атуға арналған оқтың данасына – 112 теңге, 5,6 мм калибрлі кіші ойық ұңғылы қарудан атуға арналған оқтарға данасына 34 теңге беріледі. 

– Заңсыз сақтаудағы қару-жарақ құралдарын сатып алу жөніндегі акция ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы бұйрығымен бекітілген. Ерікті түрде тапсырылатын атыс қаруына, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарға дәрежесіне қарай ақшалай сыйақы беріледі. Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады, - деді Түркістан облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқарамасының инспекторы Абдулла Аманбаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте мұғалімді бопсалаған блогер ұсталғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар