Қаржы министрлігі тапсырыс берушілер мен жеткізушілер тізілімін жүргізеді

«Бұзушылықтардың алдын алу және жол бермеу мақсатында Қаржы министрлігінің тапсырыс берушілер мен жеткізушілер тізілімін жүргізу жөніндегі құзыреті енгізіледі, олар бір көзден шарт жасасуға құқылы. Бұл тапсырыс берушілер Заңның 39-бабы 3-тармағы аясында бір көзден алу тәсілімен шартты тікелей жасасу үшін негіздерді негізсіз таңдайтынына байланысты», - деді ол.
Мысалы, вице-министрдің дерегінше, табиғи монополиялар субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған Заңның 39-бабы 3-тармағының 1) тармақшасы аясында тапсырыс берушілер кеңсе тауарларын, жуғыш құралдарды, құрылыс материалдарын, байланыс және интернет қызметтерін сатып алады. Осыған ұқсас фактілер бір көзден сатып алу туралы шарт жасасу аясында анықталды.
«Осылайша, бір көзден шарт жасасуға құқылы тапсырыс берушілер мен жеткізушілердің нақты тізілімін белгілеу бірінші кезекте бір көзден сатып алу үлесін төмендетуге, сондай-ақ бәсекелестік ортаны арттыруға ықпал етуге мүмкіндік береді», - деді Руслан Бекетаев.