Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы бастаған Сенат депутаттары Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының өкілімен кездесті
Әлемдік қаржы дағдарысын еңсерудегі Халықаралық валюта қорының белсенді ролін атап өте келіп, Қ.Ищанов Қазақстан мен осы халықаралық құрылымның өзара іс-қимылының маңызына тоқталды.
Қазақстан экономикасы алдында тұрған мәселелерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жайына қатысты Қ.Ищанов қаржы-несие және валюта саясатын жетілдіру шаралары мен биылғы жылдың бюджет көрсеткіштерін нақтылауға тоқталды.
Комитет басшысы сондай-ақ республикалық бюджеттің орындалуы, оның ішінде даму институттарының салыққа қатысты жұмыстарының нәтижелері бойынша Үкімет есебін қарау және бекіту мәселелеріне де назар аударды.
Д.Оуэннің айтуынша, Халықаралық валюта қоры миссиясының аясындағы Қазақстан үкіметімен жыл сайынғы кеңесулері нәтижесі бойынша баяндама әзірленетін болады. Құжатта қазіргі экономикалық ахуал мен орта мерзімдік кезеңдер міндеттеріне талдау ұсынылады.
Мемлекеттің дағдарысқа қарсы шараларын жоғары бағалай келіп, миссия өкілі «экономиканың үміт артуға болатын белгілерін» атап өтті. Д.Оуэннің айтуынша, «экономиканың тұтастай және жекелеген салаларын» жүйелі және жедел түрде «мемлекеттің қолдау білдіру Қазақстан үкіметіне басқа елдердің экономикасы тап болған күрделі мәселелерді жылдам шешуге мүмкіндік берді».
Кездесуге қатысушылар Халықаралық валюта қорының техникалық көмек беру мен оқытуға қатысты жұмыстары туралы мәселелерді де талқылады.