Қасақана өртеу: Көкшетауда өрт кезінде екі газ баллоны жарылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Ақмола облысының орталығында екі пәтерлі жеке тұрғын үйде өрт болған. Бұл туралы ТЖМ мәлім етті.

қасақана өртеу
Видеодан алынған кадр

— Өрттің жалпы ауданы 120 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру жұмыстары өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін екі газ баллонының жарылуымен қиындап, бұл жалынның тез таралуына себеп болды. Өрт шақырту түскен сәттен бастап 40 минут ішінде сөндірілді. Өртті сөндіру барысында тағы екі газ баллоны шығарылды, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі қасақана өртеу болуы мүмкін.

Бұғаан дейін СҚО-да 42 жастағы әйел өзін өртеп, ауыр күйікпен ауруханаға жеткізілгенін жаздық. 

 БАӘ әуе кеңістігін толық ашатынын жариялады
Ұқсас жаңалықтар

БАӘ әуе кеңістігін толық ашатынын жариялады