KASE: доллар бағамы 530 теңгеден төмен
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,65 теңгеге арзандап, 528,31 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 530,47 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 527,04 теңгеден сатып алынады, 529,38 теңгеден сатылады. Еуро 607,90 – 612,54 теңге, ал рубль 6,44 – 6,56 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 75,08 теңгеден сатып алынады, 77,75 теңгеден сатылады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында:
- доллар 526,33 теңгеден сатып алынады, 532,33 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 607,36 теңге, сату - 614,37 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,38 теңге, сату - 6,53 теңге.
- юань: сатып алу - 75,45 теңге, сату - 79,48 теңге.
Еске салайық, өткен апта аяғында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,31 теңгеге қымбаттап, 530,47 теңге болды.