Кәсіби мемлекеттік аппарат құрып, жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қажет - Мәжіліс депутаты

«Егер біз егеменді ел болып, үлкен мемлекеттік дәрежеге жетеміз десек, кәсіби мемлекеттік аппарат құрып, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуіміз қажет. Олай болмаған жағдайда біздің болашағымыз, мемлекетіміздің ары қарай дамуы екіталай», - деді депутат. Оның айтуынша, қазіргі әлемде орын алып жатқан түрлі сын-қатерлерге, экономикалық санкцияларға Елбасының «Нұрлы жол» бағдарламасы тосқауыл қоя алады. Аталған бағдарламаны жүзеге асыруға 24 млрд. доллар қаржы бөлініп отыр. Бұған қоса күні кеше қабылданған Қазақстан Президентінің «100 нақты қадам - Ұлт жоспары да» «Нұрлы жол» аясындағы шараларды жүзеге асыруға негіз болады. «100 нақты қадамның» әрбір қадамы түсінікті сөзбен жазылған әрі олардың барлығын да жүзеге асыруға болады. Елбасымыз атап өткендей, үлкен мемлекет болуымыз үшін бүгінгі заман талабына сай реформа жасауымыз керек. Олай болмаған жағдайда тоқырауға ұшыраймыз», - деді Е.Шпанов.