11:24, 10 Қазан 2025 | GMT +5
Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбедегі Ұлттар сарайына барды
АСТАНА. KAZINFORM - Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысу үшін Душанбедегі Ұлттар сарайына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысын Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.
ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысушылар бірге суретке түсті.

Осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан президентінің шақыруымен Душанбеге баратыны туралы хабарладық.
Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысу үшін Душанбедегі Қабылдаулар сарайына барғаны туралы жаздық.