Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштамен бейресми кездесу өткізді
АСТАНА. KAZINFORM – Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
- Еуропа Одағы жетекшілерімен келіссөз алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық кеңес Президенті Антониу Коштамен бейресми кездесу өткізді,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды. Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Осыған дейін Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізілетіні туралы жаздық.
Брюссельге ресми сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі уақытта Бельгияда білім алып, жұмыс істеп жатқан Қазақстан азаматтарымен кездесті.