Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды
АСТАНА.KAZINFORM — Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі.
Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.
Айта кетелік Тоқаев Қазақстан Еуропалық Одақпен ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге дайын екенін айтқан еді.