Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентін Ақордада қарсы алды

АСТАНА. KAZINFORM — Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкианды қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентін Ақордада қарсы алды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентін Ақордада қарсы алды
Фото: Ақорда

Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентін Ақордада қарсы алды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран Президенті кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң Мемлекет басшылары құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президентін Ақордада қарсы алды
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Қазіргі уақытта тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп жатыр. Оның барысында сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелері талқыланбақ.

Бұған дейін Kazinform-ның аналитикалық шолушысы Астана мен Тегеран арасындағы келіссөздің астарына үңіліп көрген еді.

Соңғы жаңалықтар