Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Президентін әуежайдан шығарып салды
АСТАНА. KAZINFORM - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльге құрмет көрсетіп, елорда әуежайынан шығарып салды.


Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, кеше, 12 маусым күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльді қарсы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль шағын құрамда және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Юн Сок Ёль Корея мен Орталық Азия елдері ынтымақтың жаңа жолын табуға ұмтылатынын айтты.
Қазақстан Президенті Кореяның K-Silk Road тұжырымдамасына қолдау білдірді.
Корея мен Қазақстан сирек кездесетін металдар өндірісі саласындағы серіктестікті дамытатын болды.
Сондай-ақ Қазақстанда оңтүстіккореялық көліктердің бөлшектері өндіріледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Оңтүстік Кореяға шикізат пен материал жеткізетін сенімді серіктесі болатынын жеткізді.
Оңтүстік Корея Қазақстанға «ақылды ферма» технологиясын ұсынды.
Қазақстан мен Корея 11 маңызды құжатқа қол қойды.
