Біз Оңтүстік Кореяға шикізат пен материал жеткізетін сенімді серіктес бола аламыз – Тоқаев

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Корей бизнес форумында KIGAM, SK Ecoplant сияқты компаниялардың жер қойнауын игеру саласындағы жобасын жүзеге асыруға мүдделі екенін айтты. 

корея
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

«Сарапшылардың бағалауынша, 2040 жылға қарай сирек металдарға деген әлемдік сұраныс 4 есе өседі. Біз Оңтүстік Корея үшін экономиканы орнықты дамытуға қажет шикізат пен материалдар жеткізу арқылы сенімді серіктес бола аламыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент оңтүстіккореялық компаниялар Қазақстан литиінен жоғары технологиялық өнім жасауға дайын екенін атап өтті.

«KIGAM, SK Eсoplant сияқты Қазақстандағы литий кен орнын жоғары бөлініс өнімін шығара отырып игеруге қызығушылық танытып отырған оңтүстіккореялық серіктестермен әріптестікті жалғастыруға дайын екенімізді білдіреміз», - деді Мемлекет басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар